
Құрметті әріптестер!
Алдағы уақытта заңды тұлға - Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің атауы Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі болып өзгеруіне байланысты төмендегі ақпаратқа назар аудару қажет екенін ескертеміз, атап айтқанда:
- Қолданыстағы сертификаттарды кері қайтарып алу. «Электрондық үкіметтің» шлюзі (ЭҮШ) мен сыртқы шлюзінің (ЭҮСШ) бұрынғы атауға берілген қолданыстағы тасымалданатын ЭЦҚ-сы «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорына өзгерістер енгізілген сәттен бастап 24 сағат ішінде автоматты түрде кері қайтарылатын болады.
- Техникалық жұмыстар. Осыған байланысты, тестілеу мен өнімді орталарда ЭҮШ / ЭҮСШ тасымалданатын ЭЦҚ-сын ауыстыру бойынша техникалық жұмыстар жүргізу оспарлануда.
- Одан арғы әрекеттер. Жаңартылған ЭЦҚ кейіннен ақпараттық жүйелеріңізде баптау мен қажетті жұмыстар жүргізу үшін сіздерге қосымша жолданатын болады.
Барлық сұрақтар бойынша
- Telegram
Түсіністік пен өзара іс-қимыл үшін ризашылығымызды білдіреміз!