Smart Bridge платформасына қол жеткізуге арналған жаңартылған авторизация.

Қ
Қазмағамбетова Мөлдір

Smart Bridge платформасында авторизациялау тәртібі жаңартылды. Бұрын платформаға кіру idp.egov.kz сервисі арқылы бір реттік SMS-кодты пайдалана отырып, екі факторлы аутентификация негізінде жүзеге асырылатын.
Енді Smart Bridge платформасына қол жеткізу заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) арқылы ғана, ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылады.
Кіру барысында сұрақтар немесе қиындықтар туындаған жағдайда пайдаланушылар қолдау қызметіне жүгіне алады.