Назар аударыңыз!
Ертеңнен бастап «Электрондық үкімет» шлюзінде сертификаттардың міндетті тексерілуі енгізіледі.
Құрметті Smart Bridge пайдаланушылары,
Тест және өнімді ортада сұрау салуларға тіркелетін сертификаттарды міндетті тексеру қосылатын болады. Мерзімі өткен немесе ЭҮШ сақтау орнында жоқ сертификаттары бар сұрау салулар қабылданбайды.
Егер қолданыстағы сертификатпен қосылымды өзектендіруге өтінім бермеген болсаңыз, интеграцияның үзілуі мен сервистердің қолжетімсіздігін болдырмау үшін бүгінгі күннің соңына дейін өтінім беруді ұсынамыз.
Барлық сұрақтар бойынша хабарласыңыз:
- Telegram
- +7 707 606 2110